Қазақ журналистикасы: кеше және бүгін

aza zhurnalistikasyi "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

«Журналистика арқалаған жүк» дегенді қалай түсініп жүрміз? «Мінбердің» сарапшылары осы сауал төңірегінде ой өрбітеді.

Қазақ журналистикасы

  1. Журналистиканың даму деңгейін қалай бағалайсыз?
  1. Отандық журналистиканы жетілдіруде нендей мәселелерге назар аударған жөн?

Сауытбек АБДРАХМАНОВ

 Сауытбек АБДРАХМАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі:

Модерация мәселесі назардан қалып барады

  1. «Бір өзенге екі рет түсуге болмайды». Бұл баяғы атам заманда Гераклит айтып кеткен сөз. Демек, заман, қоғам өзгерген кезде уақыттың барометрі болып отырған бұқаралық ақпарат құралдары да жаңалықты қабылдауы тиіс.
  2. Журналист әдебі, әлеуметтік желілерді қолданушылардың этикасы мәселесі қашан да маңызды. Заң жобасында адамның құқығын қорғау, тасадан тұрып тас атпау, тығылып тұрып кез келген нәрсені «құса» салу, жауапсыз сөйлеу, өз сөзіне жауап бермеу деген сияқты мәселелерге заңдық тұрғыдан реттеу қою тетіктері қарастырылды. Десе де, біздің интернет-сайттарымызда модерация мәселесі назардан тыс қалып келеді. Постмодерацияны айтпағанның өзінде, белгілі бір уақыт өтіп кеткеннен кейін кеш жасалған модерацияның салдарынан қоғамда теріс пікірлер тарап жатады. Сондықтан, осы мәселені де алдағы кезде ойластыру маңызды.

Күллі қазақ халқы қастерлейтін Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды. Тәртіпсіз ел болмайды» деген сөзі бар. Баукең қоғамға бағынбаған, көсемге табынбаған. Бірақ, сол Баукеңнің өзі заңға бағынған, тәртіпті қолдаған. Сондықтан да, өркениетті мемлекет құру жолына түскен ел ретінде өзіміздің заңдарымызда адам құқығын қорғауға маңыз беруге тиіспіз.

Әзімбай ҒАЛИ саясаттанушы

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:

Жауапкершілікті сезінген жөн

  1. Қазақ журналистикасының қазіргі деңгейі азаматтық қоғам деңгейіне сәйкес келеді. Жалпы, журналистиканың дамуы кәсіби білік қана емес, саяси, қоғамдық жағдайларға да байланысты. Ең бастысы, билік пен халық арасында кері байланыс болуы керек. Баспасөздің қоғамға қажеттілігі осы жағынан көрінеді.
  2.  Журналистиканың өзі бүгінде кең ұғымға айналды. Бұрынғыдай телеарна, радио, баспасөзден бөлек, салаға мүлде жаңа интернет толқыны келді. Қазір қоғам үшін интернет, соның ішінде, фейсбук желісі ең жедел ақпарат тарататын көзге айналып кетті. Әрине, әр кезеңнің өзінің альтернативалары болады. Ол заңдылық. Бірақ, Тунистегі көбелектің қанатының екпіні Техаста дау туғызатынын ескерсек, кез келген елдегі экономикалық, саяси жағдайлардың да бәрібір бізбен байланысы болатынын ұмытпағанымыз жөн. Мысалға, сарапшылар көршілес Ресейде соңғы он жылда экономикалық өсімнің болмағанын айтады. Осы жағдайдың кертартпа әсері болмауы үшін де елімізде ең алдымен ақпараттық қауіпсіздік мәселесі жоғары деңгейде сақталуы керек. Демек, кез келген ақпарат құралы халық алдындағы сүйкімін кетірмеуді, әрі жауапкершілікті ойлауы тиіс.

Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз