Жарнама
ЖаңалықтарСаясатЭкономика

Инновациялық жобалар – ел игілігіне

Елбасының биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бағытындағы республикалық ақпараттық топ мүшесі, еліміздің инвестициялар және даму министрлігі индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов өңірге келді. Ол аймақтағы өндіріс ошақтарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

DSC05039

Алдымен, Атырау қаласының сырт бөлігінде орналасқан «Теплый дом Атырау» шағын өндіріс орнына барып, жұмыс барысын көрді. Одан кейін «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен кездесті. Оларға Президент Жолдауынан туындайтын нақты міндеттердің орындалу барысы жөнінде кеңірек түсінік берді.

– Президент Жолдауында инновациялық жобаларды жүзеге асыруға зор мән беріліп отыр. Кез келген кәсіпкер қандайма бір істі қолға алғанда, оның инновациялық ерекшелігін ескеруі керек. Ал, күнделікті сауда-саттық бағытында ашылып жатқан бизнес-жобалардан түсетін пайда айтарлықтай көп емес. Екіншіден, ондағы жұмыспен қамтылып жатқан адамдар саны да аз. Сондықтан, индустриалдық даму картасына енген жобаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау артпаса, кемімейді. Тек берілген мүмкіндікті орынды пайдалану қажет, — деді ол.

http://atr.kz/wp-content/uploads/2017/08/%D0%9E%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B__-__%D0%BD%C2%A6%D0%BC-__%D1%82%D0%BF%D0%B5%D0%B9-%D1%82__%D1%80.jpg

Содан соң арнайы ақпараттық топ мүшесі «Атыраумұнаймаш» мекемесінде болды. Артынша атыраулықтарды сапалы өніммен қамтып отырған «Карат» серіктестігіндегі өндіріс үрдісімен танысты. Сондай-ақ, «ССТ» компаниясының жұмысшыларымен жолығып, ой-пікірлері мен ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сапар соңын арнайы экономикалық аймақты аралаумен аяқтады.

Сөйтіп, өңірлік кәсіпкерлер палатасында сапар барысын қорытындылаған Алмас Батанов өңірдің индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейіне оң баға берді. Оның айтуынша, республикада белгілі және белгілі себептермен 72 кәсіпорын ісін тоқтатқан. Қазір соның себеп-салдары анықталып жатыр. Солардың үшеуі Атырауда орналасқан екен. Осы орайда, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізов аталған үш жобаның екеуін тізімнен алып тастауға ұсыныс білдірді.

DSC01781

— Жұмысы жанданбай тұрған кәсіпорындар қатарынан «Жігермұнайсеривис» және электр қуатын өндіретін «Сағат энерджи» (қуаты – 11 мегаватт) мекемелерін алып тастауға болады, — деді ол. – Олар жыл басынан бері толық қуатта жұмыс жасап тұр. Ал, «Досжан и компания» серіктестігінің мәселесі қазір қаралу үстінде. Онда қаулап өскен қамыс ұсақталып, жиһаз материалдары дайындалады. Әзірге ағаш ұнтақтарын бір-біріне жапсыратын сапалы желімнің жоқтығы қол байлап тұр. Бүгінде осы мәселені шешуге ресейлік инвесторлар ниет білдіріп отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суреттер автордікі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button