Жарнама
Жаңалықтар

Сұлтан-Бейбарыс алаңында кітап пен қолөнер жәрмеңкесі өтуде

Атырау қаласында бүгін Сұлтан-Бейбарыс алаңы ерекше мерекелік атмосфераға бөленді. Мұнда қала тұрғындары асыға күткен «Atyrau Books» кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңке алаңынан ұлттық нақыштағы бұйымдар мен кітаптарға қызығушылық танытқан жұртшылықты көруге болады.

6166f990 ce30 43b3 bdb0 82d2556bae9f

Іс-шараға қатысқан атыраулық көп балалы ана Сәбира Төленова моншақтар мен түрлі материалдардан жасалған әшекей бұйымдарын ұсынып отыр. Әрбір жұмысы үлкен еңбекті талап етеді. Мәселен, қарапайым төске тағатын әшекейдің өзін дайындауға кем дегенде үш күн уақыт кетеді екен. Оның қолынан шыққан бұйымдар көрген жанды тәнті етеді.
Сәбира апайдың қызы, 13 жастағы Зарина да ана жолын жалғастырып келеді. Д.Қонаев атындағы Бином мектебінің 8-сынып оқушысы тоқыма жұмыстарымен айналысады.

8e3020b2 ac40 4110 80da 28a6c0632eb2

Жәрмеңкеге ол арнайы әзірлеген брелоктар, шағын әмияндар, ойыншықтар мен моншақтар әкелген. Жас қолөнершінің өнімдері сапасымен қатар қолжетімді бағасымен де көпшіліктің көңілінен шығып жатыр.
Жәрмеңке аясында түрлі шеберлік сағаттары да ұйымдастырылуда. Соның ішінде 23 жастағы Наркиз Айманбетова маринос қой жүнінен киіз басу өнерін көрсетіп, шағын төсеніш жасаудың қыр-сырын үйретіп жатыр. Оның шеберлік сабағына екі топқа бөлінген он екі адам қатысуда.

c33424bf 761a 41c9 880b c112c918c081

Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Халықаралық жастар күніне арналған «Atyrau Jastar Fest-2025» ұлттық онкүндігі аясында өтіп жатқан бұл бастамалар жас ұрпаққа өнерді бағалауды үйретіп, қазақтың қолөнерін дәріптеуге жол ашады.

dbeab238 8d0a 48dc a0f2 33d464477e93
18b38488 3861 49d0 aa3a f569b12830a2
84177cd6 80fe 4849 9c10 d0fc7c8245b0
804cdea1 98a7 4c65 acc1 3c46ee991dee

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button