Жарнама
Жаңалықтар

«Сулпактан» шыққан өрттің себебі

Авангард ықшам ауданындағы Құрманғазы-1 мекен-жайында орналасқан «Сулпак» тұрмыстық техникалар дүкенінің отқа орануы қоқыс жәшігіндегі қалдықтардың тұтануынан болды.

img-0912-09-11-16-12-26

Бұл туралы Атырау қаласы бойынша төтенше жағдайлар басқармасы, азаматтық қорғау бөлімінің майоры Ринат Құрманғалиев хабарлайды. Төтенше жағдай 8 қараша күні 23.00 шамасында орын алды.

Жәшікте тұтанған өрт желмен күшейіп, ғимараттың сыртқы қабырғасына тиіп, қаптама арқылы шатырға жеткен. Оқиға орнына 23.11-де ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары бөлімінің 16 құрамды 4 техникасы жұмылдырылды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау 15 минут ішінде ғимраттың 75 шаршы метр алқабын орап үлгерген. Ғимарат толықтай құтқарылды.

Нұрбейбіт Нұғыманов

atpress.kz сайтынан

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button