Жарнама
Жаңалықтар

Судың лайлану көрсеткіші стандартқа сай емес

Облыс әкімі Серік Шәпенов Құлсары қаласын сумен қамту мәселесі туралы шұғыл жиын өткізді.

Облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, жиында судың құрамы «Астрахан-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының жаңа лупингін пайдалануға беру кезінде ластанғаны белгілі болды.

Лайдың көптігінен су құрамы толық тазармай, Құлсары қаласына қажетті су көлемі берілмеді. Лайлану көрсеткіші стандартқа сай емес.

Облыс әкімі тез арада кеткен кемшілікті реттеуді тапсырды. Сондай-ақ лай суды жинақтаушы резервуарлардан ағызу қажетігін атап өтті. Құбырлар толық тазарғанша  магистральдық желіден су жіберу қажеттігін атап айтты.

Судың құрамы толық тазарғанға дейін жұмыстар жалғасады. Жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында болмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button