Жарнама
Жаңалықтар

Судың көп бөлігі мамырдың басында келеді

Батыс Қазақстан облысы тарапынан келетін мол су көлемі Атырауда Жайықтың арнасын мамыр айының басында тасытуы мүмкін. Бұл туралы облыстық жедел штаб жанындағы зерттеуші ғалымдардың жұмысшы тобының өкілі Арман Жұмағазиев мәлімдеді.

-Бұрынғы деректерге сүйенсек, Атырау облысына судың көп бөлігі мамырдың орталарында келген. Бірақ биыл Ресей аймағынан су көлемінің көп келуі көктемгі су тасқынның ерте басталуына себеп болып отыр. Батыс Қазақстан облысы тарапынан төменге аққан су Атырауға шамамен 6-7 күнде келеді. 2-3 мамыр күндері Жайық өзенінің арнасы  толады деп күтілуде, — дейді ғалым А.Жұмағазиев.

Айта кету керек, 4 сәуір, 8 сағаттағы мәлімет бойынша, Жайық өзенінің Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 422 сантиметрге жетті.  Өзеннің қауіпті деңгейі — 550 см. Бүгінде Атырау қаласында Жайық жағалауына 229,6 шақырым бөгет тұрғызылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button