Жарнама
ЖаңалықтарИнфрақұрылым

Суды үнемдеуге қатысты «дөңгелек үстел» өтті

Тұрғындарды ауыз сумен тұрақты қамту және осы салада су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан бұл бағытта тиімді тәсілдер ұсыну қажеттігін мемлекет басшысы да бірнеше мәрте алға қойып отыр. Жуырда Алматы қаласына сапары барысында да бұл мәселеге назар аударып, нақты міндеттер жүктеді.

Дегенмен дәл қазір біз жаңа тариф саясатынан да аттап өте алмаймыз. Өйткені, әбден ескірген инфрақұрылым, халықтың суды тұтыну көлемі мен табиғи су деңгейінің арасында туындайтын мәселелер бар. Инфрақұрылымның ескіргені де жасырын емес. Сондықтан жаңа инфрақұрылым жүргізу – қазіргі нарықтағы өте маңызды міндет. Суды нормативтен артық жұмсағандар оның ақысын да өзгелерден жоғары тарифпен төлеуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, суды барынша үнемдеу қажет. Оған қоса су тұтынудың «көлеңкелі» нарығы түбірімен жойылуға тиіс. Мемлекеттің ұстанымы да осы.

Бір сөзбен түйіндегенде, не нәрсені де, соның ішінде тіршілік нәрі саналатын судың сұрауы бәрінен де жоғары тұратыны, оны үнемдеп, тиімді жұмсай білсек қана ұтарымыз даусыз. Облыстық «Атырау» газеті редакциясында өткен «Дөңгелек үстел» отырысына қатысушылар да осынау өзекті де өмірлік проблеманың түйінін тарқатуға тырысты.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button