Су үстіндегі сазды кеш
Қала күніне арналған шаралардың бірі – жергілікті «Атырау» вокалды-аспапты ансамбілінің концерті.
Жайық өзенінің жағасында, су кемесінің үстінде, ашық аспан астында өткен сазды бағдарламада сағынышқы айналған ретро және кең тараған Қазақстан композиторларының әндері шырқалды. Олардың ішінен «Жайықтың толқындары», «Жан сыры», «Атамекен», «Айша бибі», «Жолдар», «Мен деп ойла», «Бақыт құшағында», т.б. халықтың жүрегінен орын алған әндер орындалғанда, концертті тамашалауға келген көпшілік әншілерге қошемет көрсетіп, қол соқты. Ал, атыраулықтар дың ән ұранындай көрінетін «Атырау – арман» әні шырқалғанда, көпшілік ерекше құрмет көрсетіп, қосыла әндеткені тіптен де ерекше еді.
Су үстіндегі концерттті көздерімен көрген шаһар тұрғындары кешкілік көтеріңкі көңілмен, ризашылық сезіммен тарқасты.
Д.Аруев.