КОМПАНИЯДА – ЖАҢА БАСШЫ

Сейсенбі күні облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «ҚазТранс Ойл» АҚ Батыс филиалына тағайындалған жаңа басшыны қабылдады. Сондай-ақ, аймақ басшысы облыс экономикасын өркендету жолында айтарлықтай үлесін қосып, абыройлы қызмет атқарып келген компанияның бұрынғы директоры Фердинат Мамоновқа зор ризашылығын білдірді.

«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының директоры болып тағайындалған Жеңісбек Лұқпанов осы компанияда көп жылдар қызмет атқарған. Кездесу барысында оның компанияға сіңірген еңбегі өлшеусіз екендігі айтылып, «саланың қыр-сырын білетін нағыз үздік маман» деп таныстырылды.

Жаңа басшының жұмысына сәттілік тілеген облыс әкімі күні бүгінге дейін қызмет атқарып келген «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының бұрынғы басшысы Фердинат Мамоновқа Алғыс хат табыстап, естелік сыйлық тарту етті.

 

Мәлике ҚУАНЫШЕВА,

Суретті түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз