Жарнама
Жаңалықтар

Тасқынының салдарын жоюға ТШО 2 миллиард теңге бөлмек

«Теңізшевройл» ЖШС осындай қиын-қыстау кезеңде Атырау облысының тұрғындарымен және Қазақстан халқымен бірге.

Бұл жағдайдың халықтың өміріне елеулі әсер ететінін ескере отырып, су тасқынына қарсы жедел әрекет ету шараларына және жағдай басылғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында Теңізшевройл қазіргі таңда 2 миллиард теңге қаражат бөледі. Бұл бөлінген қаражат аймақ тұрғындары су тасқынының тікелей салдарын жоюға және зардап шеккендердің тұрмысын қалпына келтіруге септігін тигізетін маңызды үлес болып табылады.

Су тасқынының алғашқы белгілері көрінгеннен бастап, Теңізшевройл мүмкіндігінше қолда бар ресурстарды ұсыну арқылы жергілікті халыққа және көпшілігі тасқын судан зардап шеккен аймақтарда тұратын қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында, өзінің бизнес серіктестерімен және Атырау облысының әкімдігімен ынтымақтасып жұмыс істеуде. Осы уақытқа дейін, ТШО мен оның бизнес серіктестері 90-нан астам мамандандырылған техника, шамамен 30 автобус, сондай-ақ азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай ұсынды.

Теңізшевройл Қазақстанның игілігі үшін өндірісті қауіпсіз және сенімді түрде жүргізуді жалғастыра отырып, қоғаммен бірге болуға ұмтылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button