Жаңалықтар
Су тасқыны: жағдай тұрақталған соң арнайы комиссия құрылады
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бірнеше күннен бері тасқын судың алдын алу жұмыстарына атсалысқан тұрғындарға алғыс айтты. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.
-Тасқынға байланысты жағдай тұрақталған соң арнайы комиссия құрылады. Олар келтірілген залалды есептеп, материалдық шығындарды төлеумен айналысады. Жұмыстар әлі жалғасады. Бірлігін көрсетіп отырған тұрғындарға алғыс айтамын, — деді Серік Шәпкенов.