Жарнама
Жаңалықтар

“Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ!”

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың алдағы су тасқыны кезеңі қарсаңында ауа райының болжамы туралы баяндамасын тыңдады.

«Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс. Сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етсін»,

— деп атап өткен Олжас Бектенов жақын арада  аталған мәселе бойынша республикалық жедел штабтың отырысын дайындауды тапсырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button