Жарнама
Жаңалықтар

Су саласының 500 қызметкері біліктілігін арттырды

Биыл су саласының 500-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтарда біліктілік арттыру курстарынан өтті, — деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл бастапқы жоспардан 12%-ға артық. Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру үшін бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды.

Мәселен, «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оған су саласының мамандықтары қосылды. Нәтижесінде, қазақстандық студенттер аталған мамандықтар бойынша шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Су шаруашылығы саласына жас мамандарды тарту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Биыл 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осының нәтижесінде, 80 студент «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті. Бұдан бөлек, шетелдік әріптес университеттермен қос дипломдық және бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту жөнінде іс-шаралар қабылданады,- деді ҚР СРИМ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Мүслім Жиенбаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button