Жарнама
Жаңалықтар

Су басқан шаруа қожалықтары өтемақыға өтінім бере алады

Махамбет ауданында су басқан шаруа қожалықтарынан өтемақы алуға өтінім қабылдау басталды, — деп хабарлайды облыстың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

Тасқын су кезінде 100-ге жуық шаруа қожалығы зардап шекті.

–Қазіргі уақытта қожалықтардан өтінім қабылдануда. Арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады. Заңдылыққа сәйкес, суда қалған қожалықтар әбден құрғатылғаннан кейін тиісті зерделеу, бағалау жұмыстары жалғасатын болады. Тасқын күтілген уақытта барлық қожалықтарға ескерту берілген болатын, — деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Айта кету керек, тасқын кезінде Махамбет ауданында елдімекендерді су басқан жоқ.

Тасқыннан қорғану мақсатында 100 шақырымнан астам қорғаныс бөгеті салынды. Махамбет ауданында Жайық өзенін жағалай орналасқан 17 елдімекен бар.

13 маусым, сағат 12:00 жағдай бойынша, Махамбет ауданындағы су деңгейі 9 метр 77 сантиметрді құрады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button