Атырауда алтын құймаларын сатып алушылар артты

pra Экономика

Аффинирленген алтынның өлшеуіш құймалары – ұстаушыға жинақтау үшін сақтауға немесе кіріс алу мақсатында сатып алу және сату бойынша операцияларды жасауға мүмкіндік беретін өтімділігі жоғары қаржы құралы.

Аффинирленген алтынның өлшеуіш құймалары шикізатынан бастап соңғы дайындаушыға дейін жүз пайызды Қазақстан өнімі болып табылады. Ұлттық Банк пен Теңге сарайы «төрт тоғыз» сынамасы бар алтын құймаларының жоғары сапасына кепілдік береді.

2020 жылдың қазан айында қала тұрғындары екінші деңгейдегі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 3,5 келі (кг.), 94 өлшеуіш құйма сатып алды. 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 212,1 келі болатын 5 200 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалары бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында салмағы 10 г. құйма ең көп сатып алынады. Сатылған барлық құйманың ішіндегі оның үлесі 33%, яғни, 1 728 дана. Одан кейін 20 грамдық құйма – 1 588 дана (31%), 100 грамдық – 1 486 дана (29%), 50 грамдық – 276 дана (5%) және 5 грамдық құйма – 122 дана (2%).

Құймаларды сатып алу бойынша өңірлер арасында Алматы қаласынан кейін Атырау көш бастап тұр.

Кері сатып алуға бағдарлама іске қосылғаннан бастап жалпы массасы 1,8 кг. 127 өлшеуіш құйма қабылданды. Бұл алтын құймалар инвестициялаудың және жинақты жинаудың ұзақ мерзімді құралы болып табылады.

Алтын құймалар – инвестициялаудың сенімді құралы бола алады. Банктердің және банктік емес айырбастау пунктерінің клиентке «сол күні» ақша төлей отырып, құймаларды кері сатып алу мүмкіндігі – алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінен, оның ішінде «АС-Зеленый Медведь» Айырбастау пункті» ЖШС сатып алуға және оларға кері сатуға болады.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен жабдықталған (құймалардың бет жағы айнадай, микромәтін және бедерлі гурт), сонымен бірге құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және қаптамасының ашылған-ашылмағанын тез анықтауға мүмкіндік беретін арнайы қаптамада шығарылады. Қорғаныш қаптамасы да құйма сапасының сертификаты саналады. Сондықтан құйманы ұқыпты сақтап, қаптамасын ашпаған дұрыс.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халық үшін тазартылған алтынның өлшемдік құймаларын сату және кері сатып алу Бағдарламасын 2017 жылы іске қосты.

2020 жылғы 24 қарашадағы жағдай бойынша алтынның 1 граммының құны 25 502,44 теңгені құрайды.

Күнделікті алтынның құны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми сайтынан көруге болады.

Арайлым Амин,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз