Жаңалықтар
Студенттер де зардап шекті
Египетте студенттер арасындағы тәртіпсіздіктің салдарынан 160-тай адам зардап шекті.
Әсіресе, Дакахлия провинциясының әкімшілік орталығы саналатын Эль-Мансура қаласындағы университет алаңында болған қақтығыстардың салдары жастарға аса ауыр тиді. Ел астанасы Каирден солтүстікке қарай 120 шақырым қашықтықтықта орналасқан шаһардағы жоғары оқу орындары студенттерінің бірі осында нағыз төбелестің шығуына ұйытқы болды. Ең бір сорақысы сол, алаңға шыққан студент-жастардың дені «Мұсылман-бауырлар» қауымдастығының мүшелерін қолдайтындықтарын білдірді.