Стратегиялық нысандарды қалай сақтап қалуға болады?

screenshot 20240420 144256 gallery Жаңалықтар

Атырауда стратегиялық нысандарды сақтап қалу үшін қорғаныс бонн орнатылуда. Орнатылып жатқан бонндар  толқынның күшін әлсіретеді. Бүгінде бонның алғашқы партиясы Алмалы елдімекенінде орнатылуда. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

-Қатты ағынмен келе жатқан судың толқыны жарды жеп, бөгеттерді бұзып кетпеуі керек. Алмалымен бірге, Бесікті, Талғайраң, Дамбы сияқты ауылдардың жағаларын қорғауымыз қажет. Бонндар негізінен мұнай қалдықтарын жинауға қолданылады. Қазір біз бонндарды стратегиялық нысан – су беру стансаларын қорғап қалу мақсатында өзеннің бетіне орнатып жатырмыз. Бонндар мұнай компаниясынан алынуда. Бүгінде Ақтау қаласындағы резервтердің барлығы Атырауды тасқыннан сақтап қалу үшін пайдаланылып жатыр, – деді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев.

Айта кету керек, Атырау қаласында Жайық жағалауын бекіту жұмыстары 112 учаскеде жүргізілуде. 20 сәуір күнгі мәлімет бойынша Жайық жағалауының 199 шақырымына бөгет тұрғызылды. Жоспар бойынша 237,6 шақырымға бөгет орнатылуы қажет.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз