Стамбулда Ататүрік мәдени орталығы қайта ашылды
Стамбулдағы Ататүрік мәдени орталығы Түркия Республикасының 98 жылдығына орай есігін айқара ашты. Жергілікті тұрғындар Ататүрік Күлтүр Меркези (немесе қысқартылған АКМ) деп атайтын жаңадан салынған заманауи орталықты бұрынғы ескі діни ғимаратқа қатты ұқсастыруда.
AKM – Түркияның өнер және мәдениет саласындағы ең ірі жобалардың бірі. Ататүрік мәдени орталығын Президент Режеп Тайып Ердоған мен мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой салтанатты жағдайда ашты, оған бизнес, өнер және ғылымның көрнекті қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті және шетелдік БАҚ өкілдері қатысты.
Орталықта соңғы технологиямен жабдықталған 2040 орындық Опера театры бар. Сондай-ақ, 802 орындық театр залы, галерея және түрлі өнер саласына арналған АКМ залы бар.
Атап айтқанда, шамамен 100000 шаршы метр аумақта музыка, өнер, сәулет және дизайн, балалар өнер орталығы, музыкалық, дыбыс жазу студиясы мен кітапханадан тұратын залдар орналасқан. Жаңартылған кешенге AKM Yeshilcham кинотеатры және Design Shop секілді бөлмелер, солистер мен оркестрлерге арналған дайындық бөлмелері, мейрамханалар, кафелер, кітап кафелері, шеберханалар, әкімшілік және техникалық бөлмелер кіреді.
30 қазаннан 14 қарашаға дейін Бейоглу мәдени фестивалі аясында орталықта концерттер, көрмелер және басқа да шаралар өтеді. Оған мыңнан астам әртістер қатысады.
Айта кетейік, Түркияның өнер және мәдениет саласындағы ең ірі жобасы болып табылатын Beyolu Culture Route фестивалі классикалықтан қазіргі заманғы өнер, сандық және кино, музыка, би және әдебиетке дейінгі көптеген жұмыстар мен пәндерді біріктіреді.