«Спорт менің өмірімді түбегейлі өзгертті» деді Елбасымен кездескен Ержан Сәлімгереев
Atr. kz / 13 – ақпан. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өткен азаматтармен кездесті. «Олардың ішінде атыраулық Ержан Сәлімгереев те бар» деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«Үшінші сыныпта оқып жүргенде трансформатордың ішіне кіріп, тоққа түсіп қалдым. Сол кезде бір қол және бір аяғымнан айырылдым. Ауруxанадан үйге алып келгесін мұғалімдер үйде оқытатын болды. Артынан допты үйрендім. Ауада ұшып бара жатқан допты таяқпен тіреп қоямын. Басқа жігіттерді алдап кетемін. Олар намыстанып, менің таяғымды бір теуіп, сындырып тастайды. Соның бәрі маған ауыр тиді. Мектепті бітіргеннен кейін балалар арсында «Мен Алматыға барамын, мен Астанаға оқуға түсемін» деген әңгімелер жүреді. «Мен қайда барамын?» деген ой туындады. Үйдегі жағдайды білемін. Сонда таңқалатыным, бір бассейннің қасында екі жыл бойы такси жүргіздім. Бірақ өмірі соның ішіне кірмеппін. Артынан жүзуді үйрендім», — деді Ержан Сәлімгереев.
Бүгінде Ержан xалықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының екі мәрте чемпионы. «Спорт менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Өзімнің қайсар мінезімнің арқасында ешқандай қиыншылықтарға қарамай, алдыма майқсат қойып, күнде жаттықтым. Бүгінде үлкен жетістіктерге жетіп отырмын. Джакарта қаласында өткен жазғы параазияда ойындарында қос алтын медаль еншіледім. 50 метрді 31 секундта бағындырсам, 100 метрді 1 минут 8 секундта бағындырдым. Бұл — менің жеке рекордым. Ендігі мақсатым — Токио Олимпиадасында чемпион атану», — деп атап өтті Ержан Сәлімгереев.
Молодец!