Жарнама
Жаңалықтар

Сот төрағасы жолдау туралы пікірін айтты

Елбасының  Жолдауы алдағы бағыттарды айқындап беруімен ерекшеленді. Әсіресе, құқық саласындағы, оның өзегі – сот төрелігі жүйесіндегі жұмыстардың жүйелі атқарылуына ерекше көңіл аударды. 

Жасұлан ЖАҚСЫЛЫҚ

«Әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендірген жөн. Әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс. …Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды» делінген Жолдауда.

Осы орайда Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты өткен жылы 11 390 әкімшілік істі қарағанын  айтуға болады. Сот шешімімен 4984 тұлғаға айыппұл салынды. Жаңа жылдың алғашқы айындағы нәтиже мынадай: 674 әкімшілік іс түсіп, 350 тұлғаға айыппұл салу жазасы тағайындалды. Оның бәрі Елбасының бүгінгі Жолдауында айтылғандай, заң талабына сәйкес қаралып, әділетті түрде шешім алынды.

Соңғы жылдары елімізде заңның үстемдігі қамтамасыз етіліп отыр. Әділ сот жүйесіне азаматтардың қолжетімділігін арттыра түсу үшін сот жүйесі инстанциялары оңтайландырылды. Еліміздің соттары сот әділдігін жүзеге асыруда барынша объективті, ашық әрі жариялы шешім шығарады. Бұған халықтың сотқа жүгіну санының артуы, жоғарғы сатыда күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің үлес салмағының азаюы, жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі айқын дәлел бола алады.

Жасұлан ЖАҚСЫЛЫҚ,

Атырау қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының төрағасы:

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button