Соңғы сұхбат: ДӘСТҮРДІҢ ОЗЫҒЫ БАР, ТОЗЫҒЫ БАР
Atr.kz/24 шілде, 2020 жыл. Атырау өңіріне белгілі қоғам және мәдениет қайраткері Абат Кенжеғали өмірден өтті. Сонымен қатар, ол біздің газетіміздің тұрақты оқырманы hәм белсенді авторы да болатын. Мазмұнды да, мағыналы мақалалары көзіқарақты оқырманға әркез ой салып, қоғамдық пікір тудыратын.
Абат ағамыз жуырда ғана ұлттық және діни салт- дәстүрлеріміздің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны туралы «Атырау» газетіне арнайы сұхбат берген еді. Өкінішке орай, бұл Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Абат КЕНЖЕҒАЛИДЫҢ соңғы сұхбаты болды. Біз бүгін сол өрелі ойлар өрілген әңгімені оқырман назарына ұсынып отырмыз.
– Экономика, әлеметтік ахуалды дамыту бағытындағы жаңалықтарды күніге естіп жүрміз. Десек те, болашақты ұстап қалатын жастарымыз саналы болмаса, бұл реформалардың құны да болмайды. Ендеше, алдымен ұлттық салт-дәстүр дегеніміз не?
– Жа л п ы , с а л т — д ә с т ү р дегеніміз – ықылым заманда әр халықтың сенім-нанымына, тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс к ә с і б і н е б а й л а н ы с т ы қалыптасып, уақыт сынынан өтіп, табиғи түрде, өздігінен бір жүйеге келтірілген, сондықтан да сақталуы міндетті болып есептелген әдеттер мен ырым- жоралардың ерекше түрі.
Салт-дәстүр ұлттың рухымен бірге жасасып, заман талабына сай жаңарып, өзгеріске ұ ш ы р а п о т ы р ғ а н . У а қ ы т өте олардың кейбіреулері шаруашылыққа, халықтың ойлау жүйесі мен сана сезімінің өсу үрдісіне с ай жетіліп, ө з г е р і п , а л ке й б і р еул е р і ұмытылып, жойылып, жоғалып кеткен. «Әдет әдет емес, жөн әдет» деген қазақ мақалы біріншіден осыны дәлелдесе, е к і н ш і д е н ж а қ с ы л ы қ қ а бағыттайтын әдеттер ғана салт-дәстүр ретінде өмірге ене алғанын көрсетеді.
Ислам дінінің дәстүрлері шариғат нормалары ретінде қазақ да ласына кейінірек келгенімен, одан сан ғасыр бұрын қа лыпт асқан с а лт- дәстүрімізбен ұқсас болуы және оны байыта, толықтыра түсуі, ол екеуін бөліп жармай, тығыз байланыста қарау керектігін байқатады.
Ке й б і р е л д е р г е б а с қ а д і н д е р д і ң , м ы с а л ы п р а в о с л а в и е л і к х р и с т и а н дінінің Киев Русіне таралуында азды-көпті қайшылықтар б о л ғ а н ы , о л д і н г е е л д і ң ш ы ғ ы с ж ә н е с о л т ү с т і к бөлігі қарсылық көрсеткені, Новогород княздігі мен Ростов жеріндегі қарсылықты басу үшін Киевтен Добрыня мен Путята бастаған әскери экспедиция жіберілгені тарихтан мәлім. Ал, исламның қазақ даласына оңай, әрі тез таралуы – сол ұлттық және діни дәстүрлердің ұқсастығында екендігі дау туғызбайтын мәселе. Исламға дейінгі араб және қазақ елінің көшпелілігі, т абиғат, жер жағдайының бірлігі, ата жолын, ата салтын қуу, рушылдық, ырымшылдық т.б. салт-дәстүрлері аса ұқсас болған.
Ол, алдымен, қазақтың с а л т — д ә с т ү р , ә д е т — ғ ұ р ы п сөздерінің араб сөздерімен терминдік ұқсастығы ғана емес, мағыналық жақындығынан байқалады.
– Мәселен…
– Айталық, қазақша «ғұрып» сөзі арабша «әәл-ъурф» деп айтылып, адамдарға үйреншікті болған, әдеттегі іс-әрекеттер, үрдіс деген мағ ын а ларды білдірсе, шариғатта ақыл- ойдың, логиканың құптауымен к ө ң і л г е о р н ы қ қ а н , а д а м т а б и ғ а т ы қ а б ы л а л а т ы н нәрселер ретінде анықталады. Қазақтың «әдет» сөзі арабша «әл-ъаада» деп айтылады да, екі тілдегі анықтамасы да адамдар арасында көп қайталанатындықтан дағдыға а й н а л ғ а н і с т е р д е г е н д і б і л д і р е д і . С о л с и я қ т ы , «дәстүр» сөзін арабтар «дус- тур» деп, іс-әрекет жасалатын ереже, заң деген мағынада қолданады. Ол сөздің бізше мағынасы да осы тектес екенін жоғарыда айтып өттік.
Қазақ – үлкенді сыйлап өскен халық. Әдепті адамды үлкеннің алдын ке спеген деп дәріптейді. Кішілер үлкенге орнынан тұрып сәлем береді. Жыл с айын барып көрісуді, амандасуды міндет санайды. Оған көмекте сіп киімін шешіндіру, қолына су құйып батасын алу, кебісін салып киіндіру, атқа мініп- түскенде қолтығынан сүйеу с и я қ т ы қ ұ рм е т к ө р с е ту – сан ғасырлар бойы атадан балаға ауысып, бізге жеткен ұлы құндылықтарымыз. Ал, қасиетті Құран Кәрім мен Пайғамбар (с.ғ.с) хадистері де осы бір адами ұлағаттарды бірінші орынға қояды. Айталық, Лұқман сүресінің 14-аятында Ана ұрпағын құрсағында көтеріп әлсірейді, ақ сүт беріп асырайды. Сондықтан, ата- анаға жақсылық жасау бұйрық деген мағына бар. Сонымен қатар, «әке жұмақтың дарбазасы да, жұмақтың кілті – ана табанының астында» деген Құран сөзі жоғарыда көрсетілген қазақы ұлттық үлкенді сыйлау дәстүрін бекіте түседі.
Қ а з а қ х а л қ ы н д а ж а с бо с анған әйелдің әл-қуат жиып, белі бекіп кетуі үшін о ғ а н а р н а й ы м а л с о й ы п , қалжа беретін әл-хиссадан бері қалыптасқан дәстүр бар. Әдетте, қалжаға марқа, не тоқты сойылады. Себебі, жас малдың, соның ішінде қойдың еті мен сорпасы жас босанған әйелге керекті дәрумендерге толы.
Ал, Ислам шариғаты бо- йынша жаңа туған сәби үшін «ақиқа» құрбандығы шалынады екен. Демек, бұл жерде де ұқсастық бар.
– Ұлттық және діни дәстүрлердің бірлігі мен сабақтастығы еліміздің отаншылдық рухынан анық байқалады ғой…
– Ұлттық өркениетіміздің қай дәуірін алып қарасақ та, қазақ халқының көршілерге көз алартып, басқыншылық шабуыл жасағаны кездеспейді. Керісінше, Отанын қорғауға әркезде де тастүйін әзір болған. Жау қарасы көрінгенде, «аттан!» деген бір ауыз ұран сөз алты алашты бір мезетте атқа қондырған. Сөйтіп, а т а — б а б а м ы з А л т а й д а н Атырауға, Арқадан Алатауға дейінгі, ұшса құстың қанаты талатын, шапса тұлпардың тұяғы тозатын о сынау кең алқапты қызғыштай қорып бізге жеткізген. Ал, ел қорғау, отаншылдық сезімдер Ислам мәдениетінің аса құнды бөлігі. Құран Кәрім «Отанды сүю иманнан» деп үйретеді.
Ұ л т т ы қ ж ә н е д і н и д ә с т ү рл е рд і ң б і рл і г і м е н ұқсастығы бағытында бұлардан басқа да көптеген мысалдар келтіруге болады. Айталық, қ а з а қ т а рд а ш а руа ш ы л ы қ , ж е р ж а ғ д а й ы н а , ж а л п ы ұ л т т ы қ б ол м ы с н е г і з і н д е бауырмалдық пен ағайындық б е р і к о р н а ғ а н . « Қ а н д ы қалпақ кисе де қиыспайды туысқан», «Өкпеге қиса да өлімге қимайды», «Ағайын араласпаса жат болады» деген сияқты қазақ мақалдары біздің халықтың ағайындық сезімінің тереңдігін танытса, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) туған-туыс адамдардың үнемі араласып тұруын өсиет еткен. Пайғамбардың бір хадисінде: « Т у ғ а н — т у ы с т а р ы ң м е н достарыңа қонаққа барыңдар, Алла өмірлеріңді ұзартып, ризықтарыңды арттырады» делінген.
С о н д а й — а қ , қ а з а қ т а «Көршіңмен тату бол», «Көрші ақысын жеме», «Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық» деген сияқты мақал- м ә т е л т ү р л е р і к ө п . А л , Мұ ха м м ед П а й ғ а м б а рд ы ң (с.ғ.с) халық арасында көп тараған хадистердің бірінде: «Көршісі аш, өзі тоқ жатқан нағыз мұсылман емес» деген тұжырымы біздің ұлттық және діни қағидалар жақындығын тағы да дәлелдейді.
– Десе де, ұлттық дәстүр мен шариғат нормаларының дәл келмейтін көріністері де бар…
– Ол алдымен, қыздардың қап-қара киініп, жартылай немесе түгелдей бетін жабуында көрінеді. Киімдері араб ұлтынан жұқты десек, бетін жабу тым ерсі. Қазақ әйелі үйде ана, түзде шаруашыл, соғыста жауынгер болған. Кішкене кезінде телпектен бастап, үлкейе келе әртүрлі баскиімдер пайдаланған. Еш уақытта бетін бүркемеген.
Қазақ қыздары әлімсақтан б е р і о р а м а л с а л м а ғ а н ы , ұзатылғаннан кейін ғана жасына, өмірге келген балаларының с а н ы н а , ж а л п ы ә ул е т т е г і әлеуметтік орнына қарай бас киімдерін өзгертіп отырғаны а я н . С о н д ы қ т а н о р а м а л хақында зайырлы мемлекетке де, ислам дініне де қарсы келмейтін орт ақ шешімге келетін уақыт жетті.
Екіншіден, өлген кісілерді ақ жуып, арулап аттандыру бағытында. Ислам діні бо- йынша қайтыс болған адам тезірек жер қойнына тапсырылуы және оған дейін ол үйде қазан қайнап, ас тағам пісірілмеуі керек. Ислам діні қазақ даласына тарамастан бұрын, өлім кезінде көшпелі халықтың жан-жақта шашырап қоныстануына байланысты, о дүниелік адаммен қоштасып қ а л у ы ү ш і н ағайындарының келуін тосып, бір-екі күн күттіруге тура келген.
О с ы ж а ғ д а й д а , б і р і н ш і д е н , ө л і кт і күзетуге, екіншіден к ө ң і л а й т у ғ а ке л г е н а д а м д а р ғ а е н д а л а д а ж а л ғ ы з ү й отырғандықтан, тамақ пісіріп беруге мәжбүр болған. Бұл үрдістер қазір де жалғасын тауып келе жатыр. Бірақ, мазмұны өзгеріп кетті.
К ү з е туд і ң м ә н і , біріншіден, мәйітті ит-мысықтан, құрт- құмырсқадан сақтау, екіншіден, үйде өлік жатқандықтан бала- шаға үрейленбе сін деген мақсатта үлкен кісілер түнде жарық ж а ғ ы п ұ й ы қ т а м а й о т ы р у қажеттігінен туған. Ал, қазір, тас үйде жатқан денеге ондай қауіп жоқ, бірақ, күзетке деп жиналған халық отырып күзетудің орнына, қонақасын жейді де жәйіне кетеді. Бұл, әрине, дұрыс емес. Қонақасы беруді тоқтатып, өлікті күзету рәсімін орнына келтіру ләзім. Ал, мәйіт үйде болған кезінде көңіл айта келген адамдардың дәм ауыз тиюі, ол үшін дастархан жаю артық нәрсе.
Ақан С ерінің Құлагері мерт болатын Сағынайдың асында 500 киіз үй тігіліп әр қайсысына кілем ілінгені, асқа 20 000 қой, 100 жылқы сойылғаны т арихымыздан белгілі. Қонақтарға сыйлау үшін 500 шапан әкелінген. Қазіргі қайтыс болған кісінің намазы кезінде ақсақал шапан, шүлен беру, орамал тарату деген сияқты нәрселер де сол өлген адамға ас беру рәсімінен қа лған жұрнақ. Оның тоқтатылғаны дұрыс.
– Сұхбатымызды түйіндесек…
– Қ а з а қ с т а н қ о ғ а м ы б о л а ш а қ қ а б а ғ д а р д ы ң тиімді жолы ретінде рухани жаңғыруға бет алды. Осы бағытта діни кеңістігіміздегі ұлттық және діни дәстүрлерді ұлт тәрбиесінде шеберлікпен қолданудың қолайлы жолдары іздестірілуі керек.
Сұхбаттасқан: Баян ЖАНҰЗАҚОВА