Жарнама
Жаңалықтар

СОЛТҮСТІК КАСПИЙ ЖОБАСЫН

 

— Каспий күні Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Түркіменстан және Ресей мемлекеттерінде дәстүрлі түрде аталып өтеді. Бұл күн жұртшылық пен халықаралық қоғамдастықтардың назарын бір сәт Каспий теңізі экологиясының мәселелеріне аударуға арналған. Консорциумның бірқатар экологиялық жобалардың жүзеге асырылуына бастамашы болғанын да атап өту қажет. Қашаған кен орнын игеру барысында Солтүстік Каспий тарихында алғаш рет экологиялық сезімталдық картасы жасақталды. Сонымен бірге, биоәртүрлілікке қатысты ондаған зерттеулер жүзеге асырылды, — деді Ғ.Дүйсембаев. 

«НКОК» компаниясы Каспий теңізінің экологиясына немқұрайлы қарай алмайтын эколог ғалымдардың ғылыми еңбектерін жарыққа шығаруға өз үлесін қосып келеді. Соның бір көрінісі, жуырда баспадан «Мұнай кен орындарын игеру кезінде Солтүстік-шығыс Каспийдің қоршаған табиғи ортасына жүргізілген мониторинг» атты қазақстандық ғалымдардың жаңа кітабы жарық көрді. Оны «НКОК» компаниясы қаржыландырған болатын.  Айта кеткен жөн, Солтүстік Каспийдің экологиялық ахуалын көп жылдар бойы қадағалау барысы бүгін өз жемісін берді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі жеке кітапқа жинақталып, алғаш рет оқырман қауымның қолына тиіп отыр.

Басылым арнайы тақырып бойынша карталар мен графикалық материалдардан және фотосуреттерден тұрады. Ғылыми мақалалар жинағы ең алдымен, экология, биология, қоршаған ортаны қорғау, география, гидрохимия, гидробиология саласындағы мамандарға арналған. Теңіздегі мұнай кен орындарын игеру операциялары Солтүстік-шығыс Каспийдің биоәртүрлілігі мен қоршаған ортасына зор әсерін тигізуде. 1993-2006 жылдар аралығында ғалымдардың жүргізген тыңғылықты бақылауы нәтижесіз емес. Сонымен қатар, бұл кітап – мұнай-газ саласының қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін таптырмас құрал. Ғылыми еңбек Каспий экологиясы жөнінде тереңірек мағлұмат алғысы келетін  қалың оқырман үшін де құнды.    

Жаңа кітап – Каспий итбалығын халықаралық деңгейде зерттеу жөніндегі теңдессіз еңбек болып табылады. Қазақстан мен Ресейдің арнайы жұмыс топтары Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен бірге бекіре тұқымдас балықтарды зерттеу жобасын да жүзеге асыруда.  

Жиын барысында Жайық-Каспий Орхус орталығының жетекшісі Шынар Ізтілеуова бастап, үкіметтік емес ұйымдар мен академиялық қоғамдастық өкілдері сөз алды.

– Жергілікті жұртшылық пен мұнай өндіруші компаниялардың басты міндеті  – Каспий теңізінің биоәртүрлілігін қорғау болып табылады. Сондықтан, Солтүстік Каспий жобасы да нысандарды қоршаған ортаға залалын тигізбей салуға, сенімді жобалау мен пайдалануға басымдық береді. Экологиялық жауапкершілік жүгін көтере отырып, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда, — деп атап өтті «НКОК» компаниясының денсаулық, еңбек, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму жөніндегі директоры Игорь Лукашов.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button