Соғыс ардагері Айдын Айбаров жастармен кездесіп, бата берді
Аtr.kz/7 мамыр, 2019 жыл. «И помнит мир спасенный…» Осындай атаумен Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінде сахналық қойылым көрсетілді.
Аталмыш колледждің баспасөз-хатшысы Аслан Жеңісұлының хабарлауынша, дәстүрлі түрде өтетін тәрбиелік шара, 20-шы ғасырдың ортасындағы отты жылдарға арналды.
«Тарихта «Қанды ғасыр» аталып кеткен зұлмат жыл, кейінгі жас ұрпақтың мәңгі есінде қала бермек. Зұлмат соғыс жылдарындағы бейнені сомдаған колледж студенттері, жиылған көрермендердің көздеріне жас ұялатты. Шара барысында соғыс жылдарындағы кең тараған әндер шырқалып, қатысушыларға қызғалдақ гүл шоқтары таратылды. Өшпес ерлікке кейінгі ұрпақ осылайша тағзым етіп, құрмет көрсетілді» делінген хабарламада.
Сахналық қойылымды тамашалаған атыраулық майдангер Айдын Айбаров пен облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мұхамбетов, еңбек ардагерлері Мәдина Ғабдісәлімова, Абат Кенжеғалиев, Сергей Алпатанов үлкен ризашылықтарын білдірді.
Ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагер Айдын Айбаров бейбіт елдің ұрпақтарына бата берді.
«Аtr — Ақпарат»