Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаҚоғам

Смартфонның салдары соқырлыққа әкелуі мүмкін

Ұлыбритания ғалымдары таңғаларлық жаңалық ашты. Олардың айтуынша, адамдар смартфонның салдарынан соқыр болып қалуы мүмкін.

telefon22111

Англияда қазірдің өзінде мұндай жағдайлар болған. Ұялы телефонның салдарынан адамдардың көзі бірнеше сағат бойы көрмей қалған. Дәрігерлердің айтуынша, ең қауіптісі – телефонға ұзақ уақыт бойы бір бүйірмен жатып қарау. Телефонсыз өмірін елестете алмайтындар, тіпті отбасымен бірге тамақ ішкенде немесе достарымен көптен күткен кездесуде гаджетті қолынан тастамайтын адамдардың өміріне қауіп төнеді. Ғалымдар мұндай феноменге «фаббинг» деген атау берді.

«New England Journal of Medicine» журналы смартфоннан көзі көрмей қалған алғашқы екі адам жайлы жазды. Мұндай жағдайға алғаш рет 22 жастағы қыз тап болған. Ол дәрігерге оң көзі қараңғыда біраз уақыт көрмей қалатынын айтып шағымданыпты. Айтуынша, мұндай жағдай аптасына бірнеше рет қайталанатын көрінеді. Алайда келесі күні таңертең көру қабілеті толығымен қалпына келеді екен. Дәрігерлер зерттеу жүргізіп, оның көзі сап-сау екенін анықтады – тамырларда ұйыған қан жоқ, А дәрумені қалыпты.

Екінші науқас та осыған ұқсас белгілерге шағымданды. Ол алты айдан бері таңертең оянған кезде көзінің біреуі көрмей қалатынын, алайда 15 минуттан кейін көру қабілеті толығымен қалпына келетінін айтқан. Ғалымдар бұл жолы да соқырлыққа әкелетін ешқандай физикалық ауытқушылық таппаған. Содан кейін дәрігерлер сыртқы факторлардың әсерінен күмәндана бастайды. Екі науқастың өмір салтын талдай отырып, олар әйелдер бір бүйірімен жатып смартфонның экранына қараған кезде ғана көрмей қалатынын анықтады. Ғалымдардың пікірінше, мұндай науқастар уақыт өткен сайын көбейе береді, өйткені адамдар көп уақытын телефонға телмірумен өткізеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button