Жарнама
Жаңалықтар

Смайылов: Атырау облысында негізгі макрокөрсеткіштер төмен

Атырау және Алматы облыстарында негізгі макрокөрсеткіштер төмен. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бес айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 4,5 пайызға артты. Негізгі үлесті өңдеуші өнеркәсіп салалары қосып отыр. Машина жасауда – 32, оның ішінде автомобиль жасауда – 41, локомотивтер мен вагондар өндірісінде 46 пайыз өсім динамикасы тіркелді. Жеңіл өнеркәсіпте – 31, оның ішінде текстиль өндірісі – 51, киім-кешек өндірісінде 4,8 пайыз өсім бар. Тамақ өнімдерін шығару – 6,5, пластмасса бұйымдары – 7,7, минералды өнім шығару – 4,1, дайын металл бұйымдары 11 пайызға артты. Мұнай өңдеу 3 пайызға өсті», — деді Үкімет басшысы.

Оның дерегінше, электр энергиясының өндірісінде 2,9 пайыз өсім тіркелді. Тау-кен өнеркәсібінде өсім 1,3 пайыз болды. Құрылыс саласы – 12,1, ауыл шаруашылығы – 3,5, қызмет көрсету секторы 4,9 пайызға артты. Бұл көрсеткіш сауданың – 10,2, байланыс пен ақпараттың – 9,1% және көлік саласының 7,2 пайызға өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Кен өндіруді есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың артуы 19,4 пайызды құрады.

«5 айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі макрокөрсеткіштердің өсімі Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Алматы қаласында тіркелді. Ең төмен көрсеткіштер – Атырау және Алматы облыстарында. Осыған байланысты аталған өңір басшылары тиісті шаралар қабылдауы қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button