Әскерилердің де айтары бар

Парламент депутаттары – ел ішінде Жаңалықтар

Сенбі күні Мәжіліс депутаттары Бақытгүл Хаменова, Марат Бопазов, Геннадий Шиповских, Жамбыл Ахметбеков Атырау қаласындағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімде болды. Елбасының Жолдауы арқауына айналған кездесуді «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев жүргізіп отырды.

Парламент депутаттары – ел ішінде

– Мемлекет басшысының Жолдауы – орасан жаңа мүмкіндіктер. Елбасының өз сөзімен айтар болсақ, «өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбын қалыптастыруға» апаратын жол. Маңызды кешенді үш міндет пен бес негізгі басымдық атап көрсетілген Жолдаудың мақсаты – Қазақстанның күн санап бой көтеріп, жаңашылдықпен жарысып келе жатқан елдердің көрікті көшінен қалмай, әлем көгінде Мәңгілік ел болу  қағидаты, – деді депутат Бақытгүл Хаменова.

– Әр Жолдаудың өз жаңалығы бар. Бұл жолы ұлттық экономиканы көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл, ең алдымен, халықтың әлеуметтік жағдайын күшейтуге ықпал етеді. Өткен екі жаңғырудағы жоғары жетістіктер бізді қазіргі кезде де, келешекте де табысқа жетелеуі тиіс, – деді депутаттар Геннадий Шиповских пен Марат Бопазов.

Жамбыл Ахметбеков Елбасы Жолдауын тағы бір кезеңді бағындыруға арналған стратегиялық жоспар деп есептейтінін жеткізді.

Парламент депутаттары – ел ішінде2

– Жолдау баспасөзге жа-рияланғаннан бері жұртшылық құжатты қызу талқылап, өз ой-пікірлерін білдіруде, – деген депутат Парламентте «Әскерилер туралы» заң жобасының қаралып жатқандығына тоқталды.

Жол­дауда бес басымдыққа маңыз берілген. Соның бірі – қауіпсіздік мәселесі, әскери сала. Дегенмен, әскерилерді әлеуметтік жағынан қамтудағы проблемалар  аз емес екен. Мәселенің алғашқысы – әскерилерді баспанамен қамту. Пәтерді жалдағаны үшін өтемақы төлеу кемшін түсіп жатыр. Аудандық коэффициентті есептеу де түйінді мәселеге айналған.

– Қазіргі күні сапалы кадр дайындауға, сарбаздардың әзірлігіне ерекше маңыз берілуде. Алайда, «әттеген-ай» аз болмай тұр. Кейбір жастарымыздың денсаулығы көңілде-гідей емес, яғни, әлжуаз. Осы себептен, олар дайындықтан өте алмай, қиналып қалып жатады, – деген Батыс өңірінің әскери прокуроры Жанболат Аекенов осы орайда «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының орындалысына көпшіліктің назарын аударды. Каспий теңізі мәртебесінің анықталмауы да қызметтеріне кедергі келтіріп тұрғанын жасырмады. Өйт-кені, шекара бұзушылар ұс-талғанымен, оларды айыптау заңдылыққа сәйкес келмейді.

Азамат Базарбаев

Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз