Жарнама
Жаңалықтар

Сириядан оралған төрт ақтөбелік қамауға алынды

Atr.kz/24 мамыр, 2019 жыл.  «Ақтөбеде Сириядан оралған үш ер адам  мен бір әйел адамды  қамауға алуға сот санкция берді» деп хабарлайды КТК арнасы.

Олар лаңкестік топтың құрамында болып, терроризмді насихаттаған және діни алауыздық тудырғаны үшін айыпталып отыр. Қамауға алынғандардың төртеуі де – Ақтөбе облысының тұрғындары.

Оларды жақында қауіпсіздік комитетіндегілер «Жусан-2» арнайы операциясы кезінде елге жеткізген еді. Бірақ мұнда оралғалы күдіктілердің ешбірі туған-туыстарымен кездеспеді, оларды бірден тергеуге алып кетті. Күдіктілердің Сирияға қашан, кіммен кеткені әзірге белгісіз.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз — хатшысы:

 Террористік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын терроризм актілеріне қатысқан деген күдікпен қамауға алынған Алмағамбетова, Төреханов, Қуанов және Сәбитұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану негізді деп танылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button