siriya e1484471926421

Сирия тағы отқа оранды

Жаңалықтар

Atr.kz/23 қаңтар, 2020 жыл.  Соңғы бір апта ішінде жүздеген адам қаза тапты. Жарақат алғандар да аз емес екен.

Сирияның солтүстігінде қайтадан әскери іс-қимылдар басталды. Соңғы бір апта ішінде жүздеген адам қаза тапты. Жарақат алғандар да аз емес. Әскери шолушы Александр Хроленко Сириядағы жағдай туралы баяндайды.

Сөз жоқ, әскери іс-қимылдардың қайта басталуы АҚШ-қа тиімді. Себебі ол Сирияда қалудың амалын іздеп отыр. Ал осы елдің үкіметтік армиясы және оның одақтастары – Ресей, Иран мен Түркия террористік қауіп-қатерге қарсы күресіп келеді. 

Күні кеше ғана Идлиб провинциясындағы үкіметтік әскерге ауыр техникамен екі рет оқ жаудырды. Дегенмен артиллерия жауды кейінге шегерді. Сирияның солтүстігінде жағдай қиын.

16-20 қаңтар күндері Идлиб аймағында 15 террористік шабуыл жасалды. Соның салдарынан Сирия әскерінің 47 өкілі қаза тауып, 77 адам жарақат алды. Бейбіт халық арасында 51 адам мерт болды, тағы 116 азамат сан алуан жарақатпен дәрігерлердің көмегіне жүгінді.

Түркияның ақпарат көздеріне сәйкес, Иранның арнайы мақсаттағы «Кодс» жасағы Сирия әскеріне көмек беруге аттанды. Ал ресейлік авиация Алеппоның батысында альянс сарбаздарына ең ауыр соққы жасады. Бұдан бөлек, әуе қорғанысы «Хмеймим» әскери базасына пилотсыз аппараттармен жасалған шабуылға тойтарыс берді.

РФ қорғаныс министрлігі Идлиб аймағындағы жағдайды ушықтырып отырған террористік топты да атады. Ол – «Хайят Тахрир аш-Шам». Оның құрамында 20 мың сарбаз бар.

Мәскеу өз кезегінде Вашингтонға аймақтағы әскерилердің іс-қимылы заңсыз екенін үнемі айтып келеді. Дегенмен АҚШ-қа «бүлікшілердің» әрекет еткені керек. Соның арқасында олар өздерінің Сирия территориясына заңсыз келгенін ақтай алады.

Батыс елдері Сирия, Ресей, Иран мен Түркияның ортақ іс-әрекетіне кедергі жасап келеді. Олар Ефраттың батыс аймақтарында ресми әрі заңды биліктің орнағанын қаламайды. Себебі ол жақта америкалықтар бай мұнай кендерін бақылап отыр.

Өзеннің арғы жағында күрд пен арабтың заңсыз әскери құрылымдары сияқты «тірі тосқауыл» болмаса, сириялық мұнайды бақылау тізгіні бірден Дамаскіге ауысады. Оны барлығы жақсы біледі. Ал АҚШ-тың басқыншылық саясатын қолдайтын Еуропа мен аймақтың кейбір елдері тығырыққа тірелді.

Олар ұлттық мүддені ойлап, бұл ойыннан шыға алмай отыр. 17 қаңтарда Сирияның үкіметтік әскері солтүстік-батыста террористерді ығыстыра бастады. Негізгі мақсат – Алеппо провинциясының оңтүстік және батыс аймақтарын бақылауға алу.

Үш күннен бері екі жақ мина атқыш пен зымыран-артиллериялық соққылармен алмасып келеді. Сол жерге қосымша күштер тартылды. Олардың ішінде Иранның арнайы мақсаттағы «Кодс» жасағы да бар.

Ерте ме, кеш пе, Сирия Араб Республикасы заңсыз әскери құрылымдар мен америкалықтардан азат етіледі. Ашығын айту керек, Батыс Күрдістан автономиясының проблемасы ойдан шығарылған. Бұл – Дамаск, Мәскеу, Тегеран мен Анкараның ортақ ұстанымы.

Түркия президенті Тайып Ердоған Идлиб бойынша Ресеймен арадағы кейбір түсініспеушіліктер ортақ мақсатқа әсер ете алмайтынын ашық айтты. Иран ұстанымы да айқын. АҚШ пен оның одақтастары қанша қарсылық білдірсе де, Сирия бейбіт өмірге жақындап келеді. Соңғы бір тәулік ішінде шетелден 900 босқын туған жеріне оралды.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған