Жарнама
Жаңалықтар

Синоптиктердің болжауынша сәуір айында Атырау облысында жиі жауын болады

Атырау облысының төтенше жағдай бойынша жедел штабының хабарлауынша, жауынның ең көп көлемі су тасқынына ұшырайтын аудандарда болмақ.

Атап айтқанда, синоптиктер Атырау қаласында, Индер және Махамбет аудандарында бірінші онкүндікте, екінші онкүндіктің басында, үшінші онкүндіктің соңында мол жауын-шашын болады деп болжап отыр. Бірінші онкүндіктің ортасында тұман болуы мүмкін.

Еске сала кетйік, 4 сәуірде Атырау облысының Жылыой ауданында ТЖ режимі жарияланды. Бүгінгі күнге су басу аймағынан 12 мың тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button