Шымкент – Ташкент, Қызылорда – Науай арасына теміржол салынады

dfc65d2af9 Жаңалықтар

Atr.kz/25 ақпан, 2020 жыл. Қазақстан мен Өзбекстан Шымкент пен Ташкент арасын теміржол арқылы байланыстырғалы отыр.

erece.org сайтының хабарлауынша, қазіргі таңда Өзбекстан тарапынан жұмыстың белгілі бір бөлігі атқарылып қойған.

Белгілі болғанындай, қос тараптың жоспары тіптен ауқымды. Қызылорда мен Науай қалаларының арасында теміржол құрылысы жүргізіледі, сонымен бірге, автомобиль трассасы да салынады деп күтілуде.

Бұл жаңалықтар қос мемлекет арасындағы тауар-сауда айналымын арттырады, туристер легінің  ұлғаюына ықпал етеді  деген  болжам  бар.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/%D3%99lem-mojynda%D2%93ysy-kelmejtin-%D2%9Bandaj-a%D2%9Bi%D2%9Bat-bar/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз