Шығыс жекпе-жегінде – жас «жолбарыстар»

1 3 Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында «Ивасикай» шығыс жекпе-жегі мектебінің ұйымдастыруымен балалар мен кадеттер арасында «WKC» спорттық каратеден ІІ ашық халықаралық турнир өтті. Оған республикамыздың түкпір-түкпірінен 300-ге жуық спортшы қатысты.

1

Дүбірлі додада аймақ намысын «Жолбарыс» карате спорт клубы, облыстық карате-до шотокан федерациясының аға-жаттықтырушысы, қара белбеу V дан иегері, республикаға еңбегі сіңген жаттықтырушы Ерікқали Қойшекеновтің шәкірттері қорғады.

Карате федерациясының өңірлік хатшысы Венера Тұрғанованың айтуынша, жарыста «жекелей ката» және «кумитэ» бағдарламалары негізге алынды. Нәтижесінде, облыстан, атап айтқанда, №№22, 31 мектептерден Бекзат Сайнов пен Арлан Балмағамбетов екінші, №34 мектептен Камил Жумагалиев үшінші, Абат Әмірханов кумитэден бірінші, ал, катадан екінші орын иеленді.

Республикалық спорттық карате федерациясының президенті Руслан Дүкембаев, «Ивасикай» Ақсай шығыс-жекпе жегі мектебінің төрағасы  Нұрлан Есқалиевтер жеңімпаздар мен жүлдегерлерді эксклюзивті медаль, диплом, кубоктармен марапаттады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз