ЖаңалықтарҚоғам
ШҰҒЫЛ! Зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім беретін онлайн-платформа іске қосылады
«Отбасы банк» 23 қаңтарда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға өтінім беруге болатын онлайн-платформаны іске қосады.
«Отбасы банктың» хабарлауынша, бүгінге дейін банкте арнайы 57 мың шот ашылған.
«Бір жолғы зейнетақы аударымын азаматтар өздігімен пайдалана алады. Ал егер БЖЗҚ салымшысы алуға болатын төлемді пайдаланғысы келмесе, ол оны өзінің туысына, мәселен зайыбына аудара алады», — деп хабарлайды банктен.
Еске сала кетсек кеше ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану ережелерін жариялаған болатын.
ҚазАқпарат