zz

ФЕЙК! Атыраулық карантиндегі дәрігерлер Махамбет ауданындағы диспансерге жатқызылмайды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/11 сәуір, 2020 жыл. Атырау облыстық ауруханасының карантиндегі дәрігерлері Махамбет ауданындағы туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Қазіргі таңда Атырау облыстық ауруханасының карантинде болған 65 емделушісі Атырау қаласындағы «Береке» ықшамауданындағы көп қабатты үйлерге орналастырылды. 50 науқас облыстық ауруханада. Олар дәрігерлердің бақылауында қалдырылып отыр» делінген Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметте.

Бүгінде Атырау облыстық ауруханасы қызметкерлерін «Береке» ықшамауданына уақытша орналастыру шаралары жүргізілуде. 80 медициналық қызметкер «Береке» ықшамауданындағы көп қабатты үйлерде, 50 маман Атырау энергетика колледжінің жатақханасына жатқызылады.

Ал, 35 дәрігер «Престиж» қонақ үйіне орналастырылады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған