ШҰҒЫЛ! Атырауға Экология министрінің не себепті келгені белгілі болды

img 20210219 wa0014 Жаңалықтар

«Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді» деп хабарлайды Atr.kz

Сапар аясында жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын түсіндіру бойынша жиналыс өтті.

Кеңес жұмысына өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов, қоғам қайраткерлері, экологиялық ұйымдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын жергілікті тұрғындармен, экобелсенділермен талқылау үшін өңірлерге сапарымызды жалғастырамыз. Осы мақсатта біз бүгін Атырау облысына келдік.

Біздің міндетіміз – халықты осы нормалардың қалай іске асырылатыны және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартатыны туралы хабардар ету. Экокодекстің маңыздылығы оның адам өмірі мен денсаулығы, қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету, ірі және шағын бизнестің қызметін қамту сияқты бүкіл қоғамның мүдделерін қозғауында», – деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев жиын барысында.

Экология министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов Экологиялық кодекстің негізгі бағыттарын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Кодекске сәйкес, 2022 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар табиғатты қорғау шаралары түсетін экологиялық төлемдер есебінен 100% көлемінде қаржыландыратын болады.

img 20210219 wa0018

«Атырау атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаланың қатарына кіреді. Бұл жағдайды шешу үшін Экокодекс шеңберінде «ластаушы төлейді және түзетеді» қағидатын енгізу, ең озық қолжетімді технологияларға көшу, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа тәсілдерін қолдану, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату, шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру сияқты бағыттар іске асырылатын болады», – деп атап өтті вице-министр.

Ол ірі кәсіпорындар 10 жыл ішінде экологиялық тиімділік бағдарламасына сәйкес ең озық қолжетімді технологияларды енгізетінін хабарлады. Осы кезеңде олар эмиссия үшін төлемнен босатылады. Егер кәсіпорындар озық қолжетімді технологияға ауыспаса, онда эмиссиялар үшін төлемдер өседі: 2025 жылдан бастап олар 2 есе, 2028 жылдан бастап 4 есе және 2031 жылдан бастап 8 есе өседі.

Қоғамдық ұйымдардың өкілдері Экологиялық кодекс нормаларына қолдау білдірді.

Сонымен қатар, Басқарма төрағасы – С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова жаңа Экологиялық кодексті тиімді іске асыру үшін қоғамның экоміденеиетін қалыптастыру маңызды рөл атқарады деген пікір білдірді.

img 20210219 wa0017

Кездесуге қатысушыларға жаңа Экокодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілік күшейтілгені туралы да айтылды. Мәселен, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінен асып кеткені үшін әкімшілік айыппұл 10 есе ұлғайды. Ал, қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл 5 есеге дейін артты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз