Махамбет Досмұхамбетов: «Атырау облысында мұнай өндіру 2025 жылға қарай 28% өспек»

13849984 Жаңалықтар

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді.

  • Мұнай өндіру көлемін 2025 жылға қарай 60 млн. тоннаға жеткізіп, 28% ұлғайту негізінен – жылына 12 млн. тонна мұнай өңдеуге есептелген Теңіз кенішіндегі болашақ жобасын кеңейту, сондай-ақ Қашаған кен орнындағы мұнай өндіруді жылына 2 млн. тоннаға дейін жеткізетін кешенді іс-шараларды қолға алу жобалары арқылы жүзеге асырылмақ, – деді аймақ басшысы.

Атырау облысының алдағы бес жылдағы кешенді даму жоспары аясында жалпы құны 9,5 трлн. теңгені құрайтын 198 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл жерде 8,7 трлн. теңге жеке инвесторлар тарапынан тартылатын қаражат, 671 млрд. теңге республикалық және 108 млрд. теңгеден астам қаржы жергілікті бюджеттен бөлінбек.

Естеріңізге сала кетейік, 18 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» онлайн-брифинг берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз