Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыЭкология

ШҰҒЫЛ!!! Атырауда тұман мен көктайғақ күтілуде…

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 29 қаңтар 20.00 сағаттан бастап 30 қаңтар сағат 20.00-ге дейін Атырау облысының аумағында тұман, көктайғақ күтілуде.

  • Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

Тұман кезіндегі шақтық шаралары:

ауа-райының өзгеруімен және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалап отырыңыз;

жаяу жүргіншілер белгіленген жерден ғана өтуі қажет;

жүргізушілерге жолға шығуға тура келген жағдайда, тұман аумағында жылдамдықты бәсеңдетіңіз;

жолдағы көрініс 2 метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтатуыңыз қажет;

Көктайғақ кезіндегі сақтық шаралары:

Жүргенде әр қадамыңызды нық басып, асықпай жүріңіз. Асыққан кезде қауіп күшейіп, адам тайып құлауы, сүрініп кетуі әбден мүмкін.

Қолыңызда зат болмағаны жақсы. Егде адамдар басында резеңкесі бар таяқ ұстағаны абзал.

Мұзда тайып құламау үшін әуелі биік өкшелі аяқ киім емес, мұндай күндері табаны жұмсақ, таймайтын аяқкиім кигеніңіз дұрыс.

Былғары мен пластик табан сырғанақ келеді. Аяқкиіміңіз тым тайғақ болса, оған поролон, пластырь, изолента жапсырып алуға болады немесе астын құммен ысқылау керек.

Егер аяғыңыз тайып кетсе, тізені бүгіп, жүрелей қалу қажет. Құлап бара жатқанда домалап, жерге жұмсақ түсуге тырысыңыз. Қолыңыздағы затты сақтаймын деп әуре болмаңыз.

Құлап қалсаңыз тез тұруға асықпаңыз, ешқандай жарақаттың жоғына көз жеткізіңіз. Тұра алмай қалған немесе жарақат алған жағдайда айналаңыздан көмек сұраңыз.

Көктайғақ кезінде арқамен, шалқасынан құлау – өте қауіпті. Бұл мидың шайқалуына, бастың ауыр жарақат алуына әкеліп соғуы мүмкін.

Жарақат алған жағдайда дереу дәрігерге көрініңіз.

Көктайғақ кезінде жүріп келе жатқан көлікке жақындамаңыз. Бұл өте маңызды.

Сонымен бірге аялдама, баспалдақ, табалдырық адамдардың ең көп құлайтын жері екенін ескеріңіз. Баспалдақпен жүргенде сүйенішті қолданыңыз, тек құм төселген жермен жүріңіз.

Көктайғақ кезінде егде жастағы тұрғындар көп жарақат алып жатады. Сондықтан олар тайғақ кезде сыртқа шығуды шектегені дұрыс. Үлкен кісілер басында резеңкесі бар таяқпен жүруі немесе айналасындағы адамдардың көмегіне жүгінуі қажет.

Жүргізушілер автокөліктің техникалық жағдайына, әсіресе, тежеуіш жүйесіне, дөңгелектердің жарамдығы мен оның маусымға сәйкестігіне назар аударуы керек.

Жолға шықпас бұрын қозғалысты аз жылдамдықпен ақырын бастаңыз. Мектеп жанында, көпірде, көше қиылыстары мен бұрылыстарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүріңіз. Қозғалыс кезінде көліктер арасындағы қашықтықты әдеттегіден алысырақ ұстау қажет.

Сырғып кетіп, өзіңіз және айналаңыздағылар зардап шекпеуі үшін күрт қозғалмаңыз.

Сонымен қатар автокөлікпен алыс жолға шығуды мүмкіндігінше шектеңіз.

Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button