Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

ШҰҒЫЛ! Атырауда арнайы операция басталды

Атырауда төтенше жағдай алынғаннан кейін арнайы операция басталды.

Төтенше жағдай режимі алынған бірқатар өңірлерде  «Құқықтық тәртіп» жедел іздестіру шарасы басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Арнайы операция Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында бүгін, 19 қаңтарда басталды. Іс шара аясында полицейлер жеке құжаттарды, көлік құралдарын, жеке заттарды, жалға алынған пәтерлерді, қараусыз қалған үйлерді, хостелдерді, саяжай алқаптарын, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелер мен қыстауларды тексеруде. Сондай ақ, атыс, травматикалық және суық қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тәркілеуде.

Арнайы операция аясында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды және заңсыз көшіп-қонушыларды анықтау, бұрын сотталған және ішкі істер органдарында есепте тұрған өзге де адамдарды тексеру жұмыстары жалғасуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button