Жарнама
Жаңалықтар

Шоқпартоғайда 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы басталды

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша «Игілік» бағдарламасы аясында 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы басталды. Аталған жоба – өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған басты жұмыстардың бірі.

Жылыой ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір құрылыс алаңында іргетас құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Учаске басшысы Ж.Жұмагелдіұлының мәлімдеуінше, құрылысқа 25 жұмысшы мен 5 арнайы техника тартылған. Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындарды уақытша жұмыспен қамтып, ауыл экономикасына оң әсерін тигізуде.

– Жобаның жүзеге асырылуы ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына, құрылыс материалдарын жеткізуші жергілікті кәсіпорындар жұмысының жандануына және ауылдағы шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді. Сонымен қатар, болашақта балабақшада педагогтер мен техникалық қызметкерлерге тұрақты жұмыс орындары ашылып, бұл ауылдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Жоба аяқталған соң, Шоқпартоғай ауылындағы мектепке дейінгі білім беру деңгейі артып, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбиенің қолжетімділігі де арта түседі, — делінген баспасөз хабарламасында.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button