«Shine Muscat» жүзімінен ағзаға зиянды зиянкес табылған жоқ — министрлік
Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді, — деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізген. Оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш екені анықталған.
Сурет: vinograd-krasohina.ru