БілімЖаңалықтарҚоғам
Шілдеден бастап мұғалімдердің қанша жалақы алатыны белгілі болды
Atr.kz/19 наурыз, 2019 жыл. Еліміздің бас ұстазы Күләш Шәмшидинова биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап мұғалімдердің жалақысы қаншалықты артатынын айтты.
Күләш Шәмшидинова қызмет бабымен Жаңаөзенге барып, бірқатар нысанды аралады. Ол өңірдегі мектеп-гимназиялардың біріне барып, мұғалімдермен кездесті.
Өз сөзінде Білім және ғылым министрі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік салада жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға артатынын атап өтті.
Шәмшидинованың айтуынша, жоғары санатқа ие қала мұғалімінің жалақысы 158 034 теңге болады. Ал ауылдық жерлерде жұмыс істейтін педагогтардың жалақысы 180 908 теңгені құрайды.
Дереккөз: ҚазАқпарат