whatsapp image 2021 01 15 at 12.55.27 1

Шикізаттық емес экспорт көлемін 130 пайызға жеткізу жоспарлануда

Жаңалықтар Экономика
5 / 100

«Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы мәлімдеді»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммникациялар қызметі. 

«Алдағы жылы шикізаттық емес экспорт көлемін 130 пайызға жеткізу жоспарлануда. Осы бағыттағы жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жергілікті қамту үлесін арттыру, әсіресе жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалдары өндірісін дамыту бойынша жол картасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсету арқылы жүзеге асырылатын болады»,- деді басқарма басшысы Азамат Сәлімбаев.  

Шикізаттық емес экспорт көлемінің 80 пайызға жуығын «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС құрайтынын айта кетуіміз керек. Аталған компания экспортқа бензин, авиакеросин, мазут секілді шикізаттық емес өнімдер жөнелтіліп отырады. 

Сондай-ақ, қалған 13,8 пайызын полипропилен, полиэтилен өндірістері бойынша химия өнеркәсібі, 1,4 пайызын қызметтер көрсету бағытында мұнайгаз машина жасау, 0,7 пайызын құрылыс материалдары және 0,4 пайызын тамақ өнеркәсібі құрап отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған