Шетелдіктерге жаңа тағам түрі ұсынылады

  «EXPO-2017» қонақтары бұқа жүрегінен дәм татады деп жазады «Қамшы.кз» сайты. Атырау бұқаларының жүрегінен әзірленген тағам «Астана EXPO-2017» Халықаралық көрмесінің қонақтарына ұсынылады.

  Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың Индер ауданының Елтай ауылына сапары барысында шетелдіктерге ас әзірлеу тендерін ұтып алған Гүлжан Шәкімова мәлімдеді. Оның айтуынша, мәртебелі меймандарға тартылатын бұл тағам түрі «Жау жүрек» деп аталады екен.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз