Нұрлан Ноғаев Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті

Ынтыма тасты адамдары Жаңалықтар

Дүйсенбі күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадовпен кездесті. Онда қос тарап арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту жайы жан-жақты сөз болды.

Ынтыма__тасты__ __адамдары

Атырау облысы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы тауар айналымы былтыр он миллион доллардан асты. Мұнайлы өңірден Әзербайжанға газ құбырлары, қара металл сынықтары мен қалдықтары экспортталып жатыр. Сонымен бірге, өңірде сол ел капиталының үлестік қатысы бар ондаған кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Бұл байланыс одан әрі де  нығая түспек.

Елші көршілес Маңғыстау облысында өнеркәсіп пен энергетика, басқа да тауарлар өңдеу салаларында әзербайжан кәсіпкерлерінің қатысуымен бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылып жатқандығына тоқталды. Енді әзербайжандық кәсіп иелері Атырау облысында да тың жобаларын ұсынуға дайын екендігін мәлім етті.

Аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы екі ел арасындағы экономикалық   байланыстың Атырау облысы үшін зор маңызға ие екендігін, өзара қарым-қатынасты белгіленген заң шеңберінде шешу жолдарын қарастыратындығын атап айтты.

Бақытжан Жұмат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз