Жарнама
Жаңалықтар

Шетелде жұмыс істеуге ниетті тұрғындарға қолдау көрсетіледі

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Швейцария конфедерациясы елшісінің орынбасары Тобиас Вердер және халықаралық көші-қон ұйымы БҰҰ Көші-қон агенттігінің Қазақстандағы Миссиясының басшысы, Орта Азия бойынша үйлестірушісі Серхан Актопракпен кездесті.

img 4086

Қос тарап жиында басқа мемлекетте жұмыс істегісі келетіндерге қызмет көрсетуге бағытталған ХКҚҰ-ның «Алдын ала даярлық орталығы» жобасын талқылады.

ХКҚҰ Қазақстандағы Миссиясының басшысы Серхан Актопрак  бұл жобаның жұмыссыздықты азайтуға, серіктестікті нығайтуға және дүниежүзілік миграциялық қозғалыстарға септігі мол екенін атап өтті.

img 4087

Серік Шәпкенов ХКҚҰ-мен өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты. Осы ретте өңірде халықты жұмыспен қамту мәселесі өзекті екенін айтып, жобаны Атырауда пилоттық негізде бастауға мүдделі екенін жеткізді.

—  Өңірімізде ірі мұнай-газ компаниялары орналасқандықтан, мамандарды жұмыспен қамту мәселесі өзекті. Бізде үлкен тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыс істейді. Олардың бұл тәжірибесі өзге елде де сұранысқа ие. Сондықтан, қызметкерлердің әлеуетін халықаралық деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беруіміз қажет. Бұл ретте, алдын ала даярлық орталығы  үлкен қолдау болмақ. Ол азаматтарымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ғана емес, қажетті ақпарат алуға, тағылымдамадан өтуге, шетелде жұмыс істеу шарттарымен, талаптарымен танысуға мүмкіндік береді. Мұндай жобаны Атырауда пилоттық негізде іске қосу – стратегиялық тұрғыдан маңызды қадам. Алдын ала дайындық орталығы азаматтарымыздың шетелде табысты жұмысқа орналасуына, серіктестік байланыстарды нығайтуға және жаһандық көші-қонның дамуына серпін береді деп сенемін,-деді С.Шәпкенов.

Айта кету керек, Атырау облысының 1000-нан астам азаматы Ресей, Катар, БАӘ, Оңтүстік Корея, Венгрия, Чехия сынды өзге мемлекеттерде еңбек етіп жүр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button