e0377ddc322a75ccd16e8df2e5a

Салық төлеушіні сарсаңға салған не?

Жаңалықтар

Өткен қыркүйек айының соңғы аптасында әлеуметтік желілер арқылы таратылған ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен білдік.

e0377ddc322a75ccd16e8df2e5a

Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы  Нұрбол Салықовтың  түсіндіруінше,  кімде-кім өзіне тиесілі салығын мезгілінде төлемесе, оның банктегі кәртішкесі жабылмайды, тек аз ғана сомада өсімпұл жүреді. Ал, ол банкіден жаңадан шот ашқан кезде ғана кедергі келтіруі ықтимал.  Адамдардың еңбекақы немесе зейнетақы алып отырған  шоттарын жабуға да ешқандай негіз жоқ.

Тұрғындардың айтуынша, көлік пен мүлік, жер және өзге де салық түрлерін уақытылы төлегеніне, қолдарында оны дәлелдейтін түбіртегі болғанына  қарамастан, қайсыбіріне «төленбеген салығыңыз бар» деген қағаз қайта келсе, ал кейбіреулеріне тұрғылықты  мекен-жайы бойынша алдын ала жолдануға тиісті хабарлама жіберілмеген болып шықты. Салық қызметкерлері болса, төлеушінің міндетті түрде хабарлама қағазымен келуін талап етеді. Осыдан бес жыл бұрын мемлекет берешектері бар азаматтардан салықты мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданғаны да белгілі.

Дәулетқали АРУЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған