Жарнама
Жаңалықтар

Шереметьевода апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары болған жоқ

Аtr.kz/7 мамыр, 2019 жыл.  Ресей астанасы Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің алдын ала ақпараты бойынша, Шереметьево әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары жоқ. Осы қасіретті апатта қаза тапқандардың тұған-туыстары мен жақындарына шынайы көңіл айтамыз», — делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы хабарламасында.

 Ресейдің Шереметьево әуежайында болған ұшақ апаты жөнінде бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Өртенген Sukhoi Superjet 100 ұшағының бортында болған 78 адамның 37-сі ғана аман қалды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың айтуынша, Қазақстанда Ресейде өндірілген «SSJ-100» маркалы бір ғана бизнес ұшақ пайдаланылады. «Бұл ұшақ жекеменшік компанияға тіркелген. Ал тұрақты бағдарларда бізде осы типтегі әуе кемесі пайдаланылып жүрген жоқ», — деді министр.

 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Асқар Мамин апатқа байланысты көңіл айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button