Шереметьево әуежайына қонған ұшақ өртеніп кетті: Қазақстандықтар бар ма? (+ВИДЕО)
Аtr.kz/6 мамыр, 2019 жыл. Мурманскіге бағыт алмақ болған SSJ-100 жолаушылар ұшағы Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонған сәтте отқа оранды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне жексенбіде шұғыл қызметтен мәлім еткен.
«Жолаушылар ұшағы Шереметьеводан Мурманскіге ұшып шыққан. Арада бірнеше уақыт өткен соң ол апаттық жағдайда қонуға рұқсат сұрады. Ұшақ моторында шыққан өртке байланысты кері оралған», — дейді дереккөз.
Алдын ала болжамға қарағанда, зардап шеккендер бар. Дереккөздің пікірінше, апаттық жағдайда қонған жолаушылар ұшағын найзағай соғуы мүмкін. Жалын ұшақты түгел жалмады, абырой болғанда жолаушылар лайнерден шығып үлгерді. Оның айтуынша, алты адам зардап шеккен. Ұшақ бортында 78 адам болған. Өрттің толықтай сөндірілгені хабарланды.
Тергеу комитеті Шереметьево әуежайында өртенген Sukhoi Superjet 100 ұшағының бортында болған 78 адамның 37-сі тірі қалғаны туралы мәлім етті. Бұл жайлы журналистерге жексенбі күні ТК ресми өкілі Светлана Петренко айтты
«Мәскеу-Мурманск бағытында рейсті орындаған әуе лайнерінің бортында экипаж мүшелерін қосқанда 78 адам болған. Қазіргі уақытта тергеу барысында анықталған дерек бойынша олардың 37-сі тірі қалған. Тергеушілер зардап шеккендерден, оқиғаны көзімен көргендерден, әуежай қызметкерлерінен және тасымалдаушы-әуе компаниясынан, сондай-ақ әуе кемесін пайдалануға қатысы бар тұлғалардан жауап алуға кірісті.
Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы апаттан зардап щеккендердің ішінде қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатыр.
«Мәскеудің Шереметьево әуежайында «Аэрофлот» компаниясының ұшағы апатының салдарынан қырықтан астам адам қайтыс болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының болуы немесе болмауы тексерілуде. Ұшақта болған жолаушылардың соңғы тізімін күтудеміз. Мәскеудегі қазақстандық дипломаттар жергілікті билік өкілдерімен үнемі байланыста», — деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.