Шектеу шараларын сақтап жүрміз бе?
Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл. Атырауда облыстық б а с м е м л е к е т т і к санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды. Өңірдегі жағдай толық тұрақталғанға дейін шектеу шаралары күшейтіліп, бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді ( қ а у л ы н ы ң т о л ы қ нұсқасы газетіміздің 21-бетінде жарияланып отыр).
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткізілген арнайы брифинг барысында аталған құжат жан-жақты түсіндіріліп, аймақтағы жалпы ахуал төңірегінде сөз қозғалды. Басқосуға облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Амантай Жұмағалиев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Таңбаева қатынасты.
– Соңғы екі аптада елімізде, соның ішінде Атырау облысында коронавирус жұқпасының күрт өсуі байқалды. Аурудың таралуына халықтың өзі себепші болып отыр. Арнайы құрылған мониторингтік топ күн сайын қызметіне рұқсат етілген нысандарды тексеріп келеді. Белгілі болғанындай, 30- 40 пайызында тиісті талаптар өз деңгейінде сақталмай отыр. Қашықтықты сақтамау, бетперде тақпау секілді фактілер жиі кездесті. Күрт өршу белгілері байқалғандықтан, осындай шешім қабылданды, — деген бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулы талаптарының күшейтілуі себептерін айта келе, түсіністік танытуды сұрады. Бірінші орында сақтық шараларының қатаң орындалуы тиістігін баса айтқан Амантай Жұмағалиев өзін, отбасын сақтау үшін шектеу шараларын бірлесіп атқаруға шақырды.
Жоғарыда аталған арнайы мониторинг жүргізу тобы өз жұмыстарын жалғастыра береді. Ал, кемшіліктер анықталған сәтте ескерту беріліп, жауапкершілікке тартылады, сот шешімімен ірі көлемдегі айыппұл салуға дейін жеткізіледі. Аурушаңдық өсіп, көрсеткіштер күшейген жағдайда карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін.
– Бүгінгі таңда облыс бойынша ауруға шалдығудың 1341 жағдайы тіркелді. Оның 1035 жағдайы Теңіз қалашығында, 177-і – Атырау қаласында. Соңғы ай ішінде аудан тұрғындары арасында да аурушаңдық белгілері байқалады. Ауруханада жатқан 193 науқастың 7-нің жағдайы ауыр, үш науқас өте ауыр халде. Зерттемелік талдау жүргізетін 3 орталық жұмыс жасауда, — деп осындай мәліметтерді келтірген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Т а ң б а ева инфекциялық ауруханада дәрі-дәрмектер жеткілікті екенін айтып өтті.
Қазіргі таңда Атырау облысында мыңнан аса медицина қызметкері коронавируспен күресуде. Ал, пандемиямен күрес кезінде өңірдегі 62 медицина қызметкері қауіпті індет жұқтырған.
– Дәрігерлерде коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі басым. Өйткені, COVID-19 індетімен күресте дәрігерлер, медбикелер, кіші буын медицина қызметкерлері, санитарлар, инфекционист мамандар алдыңғы шепте жұмыс істеуде. Көпшілігі бірнеше айдан бері жақындарын көрмеген, бұл моральдық тұрғыдан алғанда өте қиын. Біз медицина қызметкерлерінің осындай еңбектері мен кәсіптеріне адалдықтары үшін алғыс білдіреміз. Қазіргі уақытта оларға тәулігіне 6 сағат жұмыс істеу үшін ауысымдық жұмыс әдісі ұйымдастырылған. Сонымен қатар, жақсы демалулары үшін барлық жағдай қарастырылған, — деді басқарма басшысының орынбасары.
Айта кетейік, бүгінде өңірдегі 62 медицина қызметкерінен COVID- 1 9 анықт а л ды, олардың 17-сі инфекциялық стационарда. Қауіпті індетке шалдыққандармен байланысушылар апта сайын вирусқа тест тапсырады. Олардың күнделікті дене қызулары өлшеніп, тексеріледі. ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда, жедел түрде сараптама алынады.
Брифинг барысында жолданған сауалдарға жауап берген спикерлер балабақшаларға қатысты да түсінік берді. Яғни, кеше, 18 маусымнан бастап, облыс көлеміндегі барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысы тоқтатылды. Бұл жұмыста жүрген ата-аналар мен жеке балабақша иелері, кәсіпкерлер үшін қиындық туғызуда. Осы мәселеге түсінік берген облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрі гері : «Аурушаңдықтың пайда болу көрсеткіші төмендеген кезде бұл мәселені қайта қарастыратын боламыз. Әзірге, осындай шешім қабылдауға мәжбүрміз. Өйткені, балалардың өмірі – бәрінен қымбат» деді.
Гүлжан ӘМІРОВА