![«Шектелме» әлеуметтік жобасы қорытындыланды 1 77](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/12/77.jpg)
Жаңалықтар
«Шектелме» әлеуметтік жобасы қорытындыланды
Атыраудағы YEMAA орталығында Жылыой жастарын онлайн мамандықтарға баулыған «Шектелме» әлеуметтік жобасының жабылу салтанаты өтті деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
«Копирайтинг, SMM», «Таргетинг, SMM», «Графика дизайны» бағытындағы тегін курстар ауылдық округтерде және Құлсарыда ұйымдастырылып, оған 445 жылыойлық қатысқан болатын. Олардың 161-і курс мазмұнын толық меңгеріп, сертификат иеленді. «Теңізшевройл» компаниясы қаржыландырған жобаны «Жаңаша» қоғамдық қоры Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен іске асырды.
![«Шектелме» әлеуметтік жобасы қорытындыланды 2 889](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/12/889-1024x682.jpg)
![«Шектелме» әлеуметтік жобасы қорытындыланды 3 88](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/12/88-1024x673.jpg)
Жобаның жабылуы QUIZ форматында өткізіліп, оған Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, “Теңізшевройл” ЖШС өкілдері, жоба бенефициарлары және қоғам белсенділері қатысты.
![«Шектелме» әлеуметтік жобасы қорытындыланды 4 99](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/12/99-1024x675.jpg)