Жарнама
Жаңалықтар

Шекарадағы бекетте көлік қозғалысы шектелді


Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерінің бірінде автокөліктердің қозғалысына уақытта шектеу қойылды. Бұл туралы Астрахан облысы көлік министрлігінің ресми мәліметтеріне сүйене отырып AtyrauPress сайты хабарлады.

​«Қараөзектегі бақылау-өткізу бекетіне кірер тұста монтаждау жұмыстарының (жоспар бойынша ол 2024 жылдың 25 қарашасы мен 16 желтоқсаны аралығын қамтиды) жүргізілумен байланысты, мұнда транспорт құралдарының қозғалысына, яғни өтуіне уақытша шектеу қойылады» делінген Астрахан облысы көлік және жол инфрақұрылымы министрлігінің хабарламасында. 

​Бақылау-өткізу бекеті аумағында монтаждау жұмыстарының жүзеге асырылуы себепті, осындай шара алынып отыр. Осыған орай, аталған ведомоство өкілдері өңір тұрғындары мен қонақтарына жолда туындауы ықтимал қиындық-кедергілерге тап болмау үшін сапарларын алдын ала жоспарлау қажеттігін, сондай-ақ, монтаждау жұмыстарының барысында балама маршруттарды қарастыруға болатынын ескертеді. 

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button